top of page

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Халықаралық ынтымақтастық орталығы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі кезеңде университеттің әлемдік білім,ғылым қоғамдастығына одан әрі кіріуіне және халықаралық беделін нығайтуға бағытталған.

Бүгінде университет әлемнің 22 елінің 125 жоғары оқу орынымен, орталықтарымен өзара ынтымақтастық байланыста, оның ішінде әлемдік рейтингте үздікке (ТОР 500) енген 7 университетпен, Эразмус+ бағдарламасы бойынша 4 университетпен және академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 20 шетелдік жоғары оқу орынымен келісім жасап әріптестік байланыс орнатты. "Мевлана"бағдарламасы бойынша Түркияның жоғары оқу орындарымен 13 меморандумға қол қойылды. Университетіміз Түркия Республикасы Жоғары Білім Кеңесі тарапынан қаржыландырылатын білім беру «Мәулана» бағдарламасын бірлесе жүзеге асыру бағытында Түркияның 11 университетімен меморандумға қол қойды.

Университеттің халықаралық ынтымақтастығына негіз болып отырған келісімдер негізінде екі жақты ресми кездесулер, келіссөздер, іскерлік сапарлар, студент, оқытушы алмасу, бірлескен білім бағдарламалары, инновациялық жобалар, шетелдік ғалымдар шақыру, тіл үйрету бағдарламалары, орталық, зертханалар құру, халықаралық семинарлар өткізу шаралары белсенді жүзеге асырылуда.

Университеттін Академиялық ортадағы беделін арттыру мақсатында университет бірнеше жылдар бойы QS әлемдік рейтингіне кіру бойынша белсенді жұмыс жүргіліп келеді. Оның жарқын нәтижесі 2021 жылы QS ЕЕСА (Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдері) рейтингінде университет #351 – 400 позициясын иеленді.

Университет шет елдердің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерімен (Америка, Қытай, Польша, Түркия, Италия, Корея, Өзбекстан Елшіліктері) және Қазақстанның Түркиядағы, Польшадағы Елшіліктерімен тығыз байланыста.

Университетіміз әлемнің классикалық университеттерінің Ұлы Хартиясына (Magna Charta Universitatum) қайта тіркеліп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеттері (ШЫҰУ), Азия университеттері Ассоциациясының, Еуропалық университеттер ассоциациясының (EURAS), Беларусь Республикасы, Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ғылым-білім беру консорциумының мүшесі қатарында. Осы жылы Кавказ университеттерінің Ассоциациясына (KUNIB) енді.

Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі академиялық ұтқырлықтың, қос дипломды білім берудің бірлескен бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және шетелдік ғалымдарды тарту болып табылады. Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Польша, Қытай және Беларусь жоғары оқу орындарымен белсенді іске асырылуда. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы Түркия, Польша, Қытай, Болгария, Латвия, Литва, Украина, Ресей, АҚШ және т.б. серіктес жоғары оқу орындарына оқуға баруға бірегей мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламаның нәтижесі "Дене шынықтыру және спорт" білім бағдарламасының 6 түлегі Быдгощ қаласындағы Экономика Университетінің Еуропалық үлгідегі дипломдарын алды. 1 магистрантқа "Прокурорлық-тергеу қызметі"білім бағдарламасы бойынша Янки Купала атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің Еуропалық үлгідегі дипломы табысталды.

Жоғары білім беруді интернационалдандырудың маңызды нысаны-дәрістер оқу, практикалық сабақтар, ғылыми және әдістемелік семинарлар, мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер өткізу мақсатында шетелдік ғалымдарды тарту болып табылады. Шетелдік профессорлар әлемнің 15 елінің (АҚШ, Канада, Франция, Германия, Литва, Болгария, Польша, Эстония, Корея, Қытай, Түркия, Ресей, Беларусь және т.б.) жетекші университеттерінен біздің жоғары оқу орнымызға келеді.

"Конфуций Институты", "Корей тілі орталығы", "Поляк тілі мен мәдениеті орталығы", "Қытайтану" ғылыми-зерттеу орталығы"," Қазіргі түркі тілін оқыту зертханасы", "Рафаэль Санти Итальян тілі мен мәдениетінің интерактивті орталығы","Поляк-қазақ аймақтық қауіпсіздікті және құтқаруды оқыту орталығы", "TOEFL ITP" ресми аккредиттелген емтихан орталығы, Конфуций институтының" HSK " қытай тілін тестілеу орталығы жұмыс істейді.

Университет шет мемлекеттердің (Қытай, Германия, Франция, Түркия, Польша, Болгария) бірнеше халықаралық орталықтарымен, ұйымдарымен және халықаралық қорлармен өзара ынтымақтастық орнатып, гранттық жобаларға қатысып келеді (Қытайдың «Hanban» Қытай тілі кеңсесі, Германияның «SES» аға эксперттер халықаралық қоры; Түркияныӊ «Тика» ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі және «ISSA» халықаралық студенттік қызмет агенттігі; Американдық Кеңес «UniCen» және Ұлыбританияның «British Council» халықаралық ұйымы, Брюссельдегі Еуропалық Комиссия директораты, Орталық Азияны зерттейтін Француз институты, (IFEAC), Болгарияның «European Educational Forum» Білім беру форумы, Бельгияның «Modern Еducation and Research Institute» институты, Польшаның «NAWA» ұлттық академиялық алмасу агенттігі және еліміздегі «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы, Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық кеңсесі).

 

Университеттің халықаралық қызметі халықаралық байланыстар мен әріптестікті дамыту, университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде орнығуы және әлемдік білім беру мен ғылыми қоғамдастыққа одан әрі кірігу арқылы интернационалдандыруды ілгерілетуге бағытталған.

Жаңалықтар мен оқиғалар

Бірінші болып біліңіз

Бұл мәтін. Жеке мәтінді қосу үшін мына жерді екі рет басыңыз  қаріпті реттеңіз.

Ақпарат жіберілді. Рахмет!

Туралы брошюраны жүктеңіз  біздің мектеп

Бұл мәтін. Жеке мәтінді қосу үшін мына жерді екі рет басыңыз  қаріпті реттеңіз.

 

PDF

bottom of page