top of page

«Польяк тілі мен мәдениеті» орталығы

«Польяк тілі мен мәдениеті» орталығы

   2019 жылы ашылған «Польяк тілі мен мәдениеті» орталығы, бүгінгі күні Қазақстан мен Польша мемлекеттерінің арасындағы достық көпірге айналып отыр. Польша халқының мәдениетін және ғылымын байытуға, жалпы халықтың мәдениетін насихаттауға ықпал жасайтын орталықта, барлық техникалық жабдықтар мен оқу материалдық база толық жабдықталған.

   Бұл орталық Жұбанов университетінің — Польшадағы ең маңызды және сенімді серіктесі болып табылатын, Быдгощ қаласы Экономика университетімен бірлестікте құрылды. Орталықтың ең негізгі міндеттері – екі ел арасындағы  бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру.

 Жұбанов университетінде поляк тіліне деген студенттер қызығушылығы ерекше. Польша мәдениетін терең білу мақсатында оны дәріптеу үшін ашылып отырған орталықтың студенттерге берер пайдасы зор. Алдағы уақытта екі ел арасындағы, соның ішінде студенттер мен магистранттар алмасу ісі басты жоспарға қойылып отыр.

Бүгінде Польшадағы Быдгощ қаласы Экономика университетінде студенттеріміз  білімдерін жетілдіріп, еуропалық дипломдарына қол жеткізіп отыр. Жалпы Польша мен Қазақстан арасындағы әріптестік қарқыны жоғары. Польша мен Қазақстан арасындағы байланыс тек білім саласында ғана дамып қоймай, саяси, экономикалық тұрғыда жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Безымянный.png
bottom of page