top of page

Қосдипломды білім беру бағдарламасы

до.jpg

Қос дипломды білім беру бағдарламасы - бұл екі (немесе одан да көп) университетте бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша сәйкес оқу орындарының дипломдарын алғаннан кейін қатарлас білім алу мүмкіндігі. Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне интеграциялануының басым бағыттарының бірі сөзсіз қос дипломды білім беру бағдарламасы болып табылады.

Шетелдік жоғары оқу орындармен екі жақты меморандумның негізінде МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) және шетелдік серіктестердің мамандықтарын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқу пәндерімен жеке оқу жоспары әзірленді. Сонымен қатар, шетелдік серіктес ЖОО-ның пәндері қазақстандық білім беру стандартының пәндерімен үйлестіріліп, университеттің студенттеріне шетелдік ЖОО-да 4-курс (бакалавриат) немесе 2-курс (магистратура) студенттеріне білім алуына мүмкіндік береді. Қос дипломдық білім берудің негізгі қағидаты, студенттер кейбір курстарды өз университетінде оқып бітіргеннен кейін қалғаның серіктес университетте жалғастыра алады, және екі университеттің кредиттері таңылады.

до2.jpg

Қосдипломды білім беру бағдарламасының артықшылықтары:

  • Халықаралық тәжірибе;

  • Бітіргеннен кейінгі жұмыс перспективалары;

  • Серіктес университеттердің жетекші оқытушыларының прогрессивті білімдерін игеру;

  • АӨУ + серіктес университеттен 2 диплом алу

 

Қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестеріміз:

  • Быдгощ экономикалық университеті, Польша Республикасы

  • Қытай мұнай университетін, Қытай

  • Тонмен университеті, Корея

  • Сакария университеті, Түркия

  • Янка Купалы атындағы Гродный мемлекеттік университеті

 

 

 

Анықтама телефоны: +7 771 981 2244

e- mail: onip211@mail.ru

Жауапты маман: Жукетаева Салтанат Ерлановна

bottom of page